Тексеру зертханасы сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын ГОСТ ISO/IEC 17025–2019 талаптарына сәйкестікке аккредиттелген және келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырады:
- аккредиттеу саласына сәйкес өлшеудің 14 түрі бойынша өлшеу құралдарын тексеру:
- геометриялық шамаларды өлшеу;
- массаны өлшеу;
- күш пен қаттылықты өлшеу;
- қысым мен вакуумды өлшеу;
- қозғалыс параметрлерін өлшеу;
- сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
- тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу;
- физикалық-химиялық өлшемдер;
- жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;
- оптикалық-физикалық өлшемдер;
- электр шамаларын өлшеу;
- уақыт пен жиілікті өлшеу;
- радиотехникалық өлшеулер.
- өлшеулер жүргізу, оның ішінде аса күрделі және дәл;
- өлшеу құралдарын түзету;
- талдау, сынау және өлшеу зертханаларындағы өлшеулердің жай-күйін бағалау;
- техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу;
- метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- өлшем құралдарына сынақтар жүргізу, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау кезінде эксперименттік зерттеулер жүргізу, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша сынақ, өлшеу, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- сынау жабдықтарын аттестаттау;
- заңды тұлғалардың қызметтеріне метрология бойынша әдістемелік көмек көрсету;
- өлшеу құралдарын тексеру кезінде өлшеулердің белгісіздігін есептеу;
- салыстырып тексеру кестелерін, метрологиялық қызмет туралы ережелерді, сынақ жабдығын аттестаттау әдістемелерін әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне өлшем құралдарын енгізу бойынша әдістемелік көмек;
- өлшем құралдарын зертханааралық салыстыруды ұйымдастыру;
- өлшем құралдарын салыстырып тексерушілердің тағылымдамаларын өткізу;
- Тапсырыс берушінің қатысуымен өлшеу құралдарына сараптамалық тексерулер жүргізу.