Филиал жаңа қызмет түрін – көлік құралдары мен тіркемелерді міндетті техникалық байқауды ұсынады, оның рәсіміне тексеру кіреді:

  • тежегішті басқару;
  • рульдік басқару;
  • шолу;
  • сыртқы жарық аспаптарының, шағылыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түсі, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары;
  • осьтердің, доңғалақтардың, шиналардың және аспалардың механикалық жай-күйі; осьтердің механикалық жай-күйі; доңғалақтар мен шиналардың өлшемдері, сипаттамалары және тозуы;
  • аспа элементтерінің және оларды бекітудің механикалық жай-күйі (рессорлар, амортизаторлар, бұрау сәтін беретін құбырлар, аспаның итергіш штангалары мен иінтіректері, сондай-ақ топсалы элементтер;
  • шассидің және шассиге (рамаға) агрегаттар мен тораптардың бекіту элементтерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі;
  • өзге де жабдықтардың болуы, жай-күйі және жұмыс істеуі;
  • қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар.

Техникалық байқау – бұл автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру-оларды жол қозғалысына қатысуға жіберу мақсатында.

Филиал заманауи жабдықтармен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген, бұл жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды, тіркемелерді, жартылай тіркемелерді міндетті техникалық байқауды жедел әрі арзан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Техникалық бақылаудың ұтқыр желісі өтінімге сәйкес көліктің орналасқан жері бойынша техникалық байқау жүргізуге әрқашан дайын.